Қаржыдан қиналудың 6 белгісі

0
119

Үнемі ақшадан қысыласыз ба? Ақшаны ұқсата алмайсыз ба? Демек, сізде қиындықтар бар деген сөз. Оның 6 белгісі бар. Назар аударыңыз:

Өзгелерден жаман болмауға тырысу

Әлеуметтік желілердегі жұлдыздарша өмір сүруге, солар сияқты қымбат киінуге тырысып, бар ақшаңызды шашсаңыз, ақша мен байлыққа деген көзқарасыңыз дұрыс емес.

Біз басқа адамдардың әлеуметтік желілерге салған суреттеріне қарап, “салыстыру мәдениетінде” өмір сүреміз. Бірақ олар бізге шынайы өмірін көрсетпейді. Сондықтан мұндай адамдардан бас тартыңыз, достықтан алып тастаңыз. Керісінше, сізді шабыттандыратын адам іздеңіз.

Күні бойы дүкен аралау

Шоппинг деген әлсіздіктен құтыла алмасаңыз, бұл да – бір дерт. Күні бойы ақша шашуға үйренгенсіз. Ал сатып алған заттарыңыздың мүлде керегі болмауы мүмкін.

Несиелер

Басыңызда бірнеше несие бар ма? Демек, ақшаны дұрыс жарата алмайсыз. Бұл процесті тоқтату үшін несие алуды доғарып, бар несиелеріңізді тезірек жабуға тырысыңыз.

Тұтынушылар несиенің кем дегенде 10%-ын артық жұмсайды. Өйткені несиені “өзімдікі” деп қабылдамаймыз.

Егер несие картаңыз көп болса және ай сайын несиеңіз бойынша берешекті өтей алмасаңыз – мүлдем несие пайдаланбағаныңыз дұрыс.

Ақшаны оңды-солды жұмсау

Біз көбіне ақшамыздың қайда, неге жұмсалып кеткенін білмей қаламыз. Сол себепті бір ай бойы шығындарыңызды жазып, ақшаны неге жұмсағаныңызды байқап көріңіз. Сонда келесі айда артық шығындарды қысқартып, қаражатты тек базалық қажеттіліктеріңізге жұмсайтын боласыз.

Айлық

Кей адамдар бір ғана табыс көзімен өмір сүреді. Ол айлықтың өзі келесі айға дейін жұмсалып кетеді. Сол себепті айлықтан бөлек, қосымша табыс көздерін табуды қалыптастыру керек.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz