Қаржы министрі: Қазақстан коронавирус мәселесіне 3,5 миллиард теңге арнады – Қазақстан жаңалықтары

0

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов ел аумағында коронавирустың таралмауына қанша ақша бөлінгендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

коронавирус

«Қаржы үкіметтік резервтен бөлінді. Осы орайда коронавирустың таралуына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дәрі-дәрмекті, масканы, тепловизорлар мен басқа да жабдықтарды алу шаралары қамтылады. Шамамен 3,5 млрд теңге бөлінді. Осы бағыттағы жұмыстарды Денсаулық сақтау министрлігі бақылайтын болады», – деді Қаржы министрі. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев коронавирус мәселесіне байланысты 1,5 миллиард теңге бөлінгендігі жайлы айтқан еді. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз