«Қарапайым Қайрат» актері коронавирус туралы видео түсірді

0

Актер, тележүргізуші Еділ Анарбай коронавирус туралы видео түсірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роликті актер кеше, 24 шілдеде өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Сюжет бойынша, Еділ Анарбай алдымен түшкіріп, жөтеле бастайды, бірақ назар аудармайды. Кейін иіс, дәм сезбей қалады. Дәріханадан ешқандай дәрі таппай, су іше береді, жылы киінеді. Үрейленіп достарына, жақындарына қоңырау шалады, қарыз ақшаларын қайтарады.

Видео соңында актер ауырып қалмаудың амалын айтты.

«Бір түсінгенім, ауырмау үшін маска тағу керек, қолды жуып жүру керек, дұрыс тамақ ішу керек, эмоцияға берілмеу керек», – деді ол.

Еділ Анарбай «Пәленшеевтер», «Патруль» секілді сериалдарда ойнаған. Ұзақ жылдар бойы Bas Production продюсерлік орталығында жұмыс істеген. Ал қазір орталықтан кетіп, You Tube қолданушылары аласында танымал «Қарапайым Қайрат» атты интернет-сериалдың басты рөлінде ойнап жүр.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз