Қарағандылық бойжеткен халықаралық турнирдің үздік боксшысы атанды

0

2018 жылғы 23 желтоқсан 20:09 235

Қарағандылық бойжеткен халықаралық турнирдің үздік боксшысы атанды


АСТАНА. ҚазАқпарат — 17-20 желтоқсанда кеншілер астанасында бокс әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың бірі — еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алу турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир 35-ші рет өткізілді, жыл сайын оның деңгейі де өсіп келеді.

«Біз 1984 жылы бастадық. Ол кезде жарыстың бас жүлдесі 300 рубль болған еді. Ол кездегі орташа жалақы 120 рубльді құрады. Содан бері біраз уақыт өтті, бірақ турнирді ұйымдастыруға көмектесетін және қолдайтын достарым менің жанымда. Олардың барлығына алғысым шексіз», — деді Нұрғазы Жарылғапов.

Мерейтойлық турнирге әлемнің сегіз еліннен мықты боксшылар келді, сегізінші қатысушы мемлекет — Қазақстан.

Үшінші орын алған жүлдегерге естелік сыйлықтар мен сымсыз құлаққаптар, екінші орынға — ұялы телефон, ал бірінші орынға телевизор сыйға тартылды.

Бас жүлде — жаңа LADA Granta көлігі болды. Турнирдің көпжылдық тарихында үздік боксшы атағы алғаш рет қыз балаға берілді. Бұл атаққа теміртаулық Айжан Қожабекова лайық деп танылды.

 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz