Қарағандыдағы қанды оқиға: полиция баспасөз хабарламасын таратты

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

191 0 0

Облыс прокуратурасы азаматтарды арандатуға жол бермеуге шақырады

ҚАРАҒАНДЫ, 6 қаңтар — Sputnik. Бүгін облыс әкімдігі мен прокуратурасы қызметкерлері баспасөз хабарламасын таратты. Онда әлеуметтік желідегі пікірлерге байланысты іс қозғалғаны хабарланды. Күдікті белгілі бір ұлт өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсетуге шақырған.

«Қылмыстық істі тергеу аясында Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес 7 күдікті ұсталды, олардың бесеуі қамауға алынған, — деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. – Бір күдіктіні халықаралық іздеу жарияланған».

Қарағанды мейрамханасы жанындағы төбелес салдарынан жас жігіттің қазаға ұшырауына байланысты әлеуметтік желіде жаппай наразылық туындады. Ақпараттың жеткіліксіздігі нәтижесінде адамдар оқиғаның мән-жайын өздері ойдан құрастыра бастаған.

«БАҚ көздерін бақылай келе анықтағанымыздай, қалыптасқан көзқарастағы тұлғалар тарапынан оқиғаның шынайы бейнесі әлі де бұрмаланып жатыр. Бұдан бұрын облыс прокуратурасы мұндай әрекеттердің салдары қандай болатынын түсіндірген болатын. «В контакте» әлеуметтік желісінде жоғарыдағы жанжалға байланысты белгілі бір ұлт өкілдеріне зорлық-зомбылық жасауға шақыру туралы пікір табылған. Аталған дерек бойынша 2019 жылдың 5 қаңтарында Қарағанды облысының полиция департаменті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 174-бабы «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады», — деп хабарлады облыс прокуратурасы.

Прокуратура азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, арандатуға жол бермеуді сұрады.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/