Етістіктің шақтары, осы шақ, нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ

0
Сабақтың тақырыбы: Осы шақ
Білімділік мақсаты: Оқушыларға етістіктің осы шағының негізін меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың таным қабілетін дамыту, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Өзіндік ой — пікірін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Етістіктің шақтарын ажырата білуге үйрете отырып, сабақ мазмұны арқылы патриоттыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдістері: түсіндіру, сұрақ — жауап, баяндау
Көрнекілігі: Слайдтар топтамасы, глобус, сауалнама, плакат

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Қазақ тілі — бал тілім.
Өзің барда шалқыдым.
Тіліммен бірге самалмын,
Тіліме кім тағар мін?!
2. Сабақтың кезеңдерімен таныстыру.
1 — кезең. Өткенге шолу немесе сөз сыры
2 — кезең. Білгенге маржан.
3 — кезең. Ізден, тап
4 — кезең. Не білдім? Не үйрендім?

ІІ. Өткенді пысықтау (1 — кезең. Өткенге шолу немесе сөз сыры)
— 24 — жаттығу
«Біз бейбітшілікті сүйеміз» тақырыбында әңгіме құрау
Сұрақ:- Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады екен?
— Біз қандай мемлекетпіз?
— Елбасымыз өз жолдауында: «Біз өткенімізді ұмытпай, келешегімізді ойлауымыз керек. Бүгінімізді бағдарлап, жастарымызға өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруіміз керек»деген еді. Осы сөздегі өткеніміз, келешегіміз, бүгінгіміз деп қай кезеңдерді айтып отыр?

ІІІ. Жаңа сабақ:
Осы шақ оның түрлері (2 — кезең. Білгенге маржан)
Нақ осы шақ
Нақ осы шақ қиымыл мен іс — әрекеттің сөйлеп тұрған уақытта өтіп жатқандығын білдіреді
Ауыспалы осы шақ
Істің, процестің, құбылыстың, жаратылыста үзілмей дағдылы түрде болып тұратындығын білдіреді

Етістіктің осы шағы қимыл мен іс — әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді: көріп отыр, өсіп тұр.
Осы шақ етістіктер не істеп отырмын (жатырмын, тұрмын, жүрмін)?, не істеп отырсың (жатырсың, тұрсың, жүрсің)?, не істеп отыр(жатыр, тұр, жүр)? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы:
Мен достарыммен тәуелсіздік монументінің қасында тұрмын. (Нақ осы шақ)
Біз, қазақ жастары, өміріміздің жақсы болатынына сенеміз. (Ауыспалы осы шақ)
3 — кезең. «Ізден, тап»
1) Көркем жазу
Мен тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмын.
2) Жатқа жазу 25 — жаттығу
Қайрат қайрақ қайрап отыр.
Қайрақпен балта қайрап отыр

— Етістіктің астын сыз, оларға сұрақ қой
— Етістікті үш жақта жекеше, көпше түрде жікте
— Бұлар қашан болған істі білдіріп тұрғанын айт
3) Ойлан, тап. 26 — жаттығу
— Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап оқы
— Етістіктерді тап, оларға сұрақ қой
4) Сергіту сәті
Кез — келген жан — жануарды, табиғат құбылыстарын осы шақтағы қимыл іс — әрекет арқылы бейнелеу.
5) Топтық жұмыс 27 — жаттығу
Берілген сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырып жаз.
І қатар
______ ______ ______ ойнап жүр.

ІІ қатар
______ ______ ______ _______ жинап жатырмын.

ІІІ қатар
______ ______ ______ жаттап отыр.
6) Көру диктанты 28 — жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Қыс. Қатты жел соғып тұр. Әкем малды ыққа байлап жатыр. Асқар оған көмектесіп жүр. Әжем сиыр сауып отыр.

— Сөйлем мүшесіне талда. Баяндауыштың осы шақта тұрғанын дәлелде.
7) Кім жылдам? 29 — жаттығу
— Жұмбақты оқып, шешуін тап

Көк қарбызым қойған жерде биік тұр,
Сол қарбызға бүкіл әлем сиып тұр.
— Етістіктің қай шақта тұрғанын айт.
8) Шығармашылық тапсырма.
Осы шақ жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/