Қарағандыда үш жасар баланы өлтірген қылмыскер жазаны жеңілдетуді сұрады — Қазақстан жаңалықтары
Қарағандыда 3 жасар баланы айуандықпен өлтірді деп сотталған Игентай Сопыжанов сот үкімін жеңілдету туралы шағым түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Литер басылымына сілтеме жасап.
Сурет: liter.kz сайтынан
Ер азамат өзінің кінәсін толығымен мойындап отыр, десек те ол судья шығарған үкіммен келіспейтінін жеткізді. Сөзінше, отырыс алқасы мен судьяның шығарған қорытындылары әділетсіз екен. Өзінің апелляциялық арызында ол «ақылға қонатын» мерзім тағайындауды сұрапты. Осылайша қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылғысы келмейтіндігін білдіріпті.
Оның сөзімен марқұм баланың анасы келіспейді.
«Ол менің баламды қатыгездікпен ұрып өлтіргенде оның өмірі туралы ойламаған еді. Бұл адамның ар-ұяты жоқ. Сотта оның қайғы-мұңын байқамадық: істеген ісінің барлығы — бос қойылым. Өтірік тергеушілерді айыптап, өзіне қол салмақшы болған», — жәбірленуші тарап Ника Васильевна.
Айыпталушының шағымы Қарағандылық облыстық сотқа жіберіліпті.
Бұған дейін Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген жігіт сотталғаны жайлы айтылған еді. Ол сот отырысы кезінде өзінің тамағын кесіп жіберген.
stan.kz