Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады

0
3

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Руслан Мамунов өзіне қарсы ешқандай тергеу шарасы жүргізілмегенін, елордада бір шаруамен жүргенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамунов өзінің ұсталғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін мәлімдеме жасады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік менің Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары және «Ақтөбе» ӘКК басшысы ретіндегі қызметіме қатысты ешқандай тергеу шарасын жүргізіп жатқан жоқ»,- деп жазды шенеунік әлеуметтік желіде.

Ол сондай-ақ «төрт жыл бұрынғы факт бойынша» куәгер болып жүрген атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында елді дүрліктірген гинеколог дәрігер ұсталды

«Мені ешкім ұстамады, қазір Нұр-Сұлтанда шаруамен жүрмін, менің бостандығыма қатысты ешқандай шектеу жоқ», – деп толықтырды Мамунов.

Облыс әкімінің орынбасары жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары пара алып жатқанда ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.



sputniknews.kz