Қарағандыда ұрланған 3 жасар баланың мәйіті табылды

0
48

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Үш күн бұрын баланы анасының көз алдында ұрлап әкеткен, сол кезден бастап іздеу жұмыстары жүргізілді

ҚАРАҒАНДЫ, 8 қыркүйек — Sputnik. Қарағанды облысында бұған дейін ұрланған баланың мәйіті табылды.

Бала Бұрма ауылында 5 қыркүйек күні жоғалды, оны анасының танысы ұрлап кеткен. Бірнеше сағат бұрын баланың мәйіті бұтаның арасынан табылды, деп хабарлады еріктілер.

Іс бойынша басты күдікті – баланың анасының танысы, олар бұрын көңіл қосқан екен.

Әйел қайта қосылғысы келмеген соң, еркек өш алуды ұйғарған. Ол баланы куәгерлердің көз алдында ұрлап әкетіп, кейін ізін жасырған.

Іздеуге 200-ден астам адам жұмылдырылды, алайда нәтиже болмады.

Тағы оқыңыз: Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды – фото 

Бүгін таңертең ауылдан баланың мәйіті табылғаны белгілі болды, бала ұрланған жерге жақын маңдағы бұталардың арасында жатқан.

Баланың мәйітінде көзге көрінетін жарақат жоқ. Өлімнің алдын ала себебі – буындыру.

Елді мекенде 250 адам тұрады, жергілікті тұрғындар да іздеу жұмыстарына атсалысты, олардың айтуынша, ауылды түгел қарап шыққан.

Полиция департаменті күдіктіні іздеп жатыр.



sputniknews.kz