Қарағандыда екі тұрғын карантинге мәжбүрлі түрде алынды – Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағанды қаласының екі тұрғыны мәжбүрлі түрде карантинге алынды. Куәгерлер науқастардың ауруханаға жеткізілу сәтін видеоға түсіріп алған, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

вирус италия

Видеода төтенше жағдай қызметкерлерінің полиция қызметкерлерімен бірге көп қабатты тұрғын үйдің кіреберісінен әйел мен ер адамды қалай шығарып жатқаны көрінеді.

Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаның бүгін, 16 наурызда орын алғанын хабарлады. Ауруханаға жатқызылған науқастар коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған.

 

«Бүгін, 16 наурызда, екі қарағандылықты медициналық және полиция қызметкерлері карантиндік ауруханаға мәжбүрлеп жатқызды. Олар ауруханаға орналастырылды, дәрігерлер 14 күн бойы олардың денсаулығын қадағалап отырады», – деді Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, басқарма қазіргі уақытта ауруханада 43 адам, үй карантинінде 445 адам жатқанын, 15 наурызда алты адам ауруханадан шығарылғанын атап өткен.

Денсаулық сақтау басқармасы облыс тұрғындарын коронавирустық инфекциямен күресте өздерінің азаматтық жауапкершілігін көрсетуге және арнайы қызметтерге науқастармен байланыс туралы уақытылы хабарлауға шақырды.



stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз