Қарағандыда екі баланың өліміне күдікті дәрігер құжатынан бас тартты — новости Казахстана

0

Қарағанды қаласында екі баланы өлтірді деген күдікке ілінген анестезиолог-дәрігер емдеу сертификатын қайтарып берді . Ол өз арызында «медицина саласында бұдан былай жұмыс істемеймін» деп жазған деп хабарлайды «Астана» арнасы.

interfintrade.ru

Фото: interfintrade.ru

Қарағанды облысының бас мемлекеттік медициналық инспекторы Ольга Смирнова бұл ақпаратты телефон арқылы хабарлаған.

Мемлекеттік инспекция дәрігер өтінішін қабылдаған. Дегенмен сертификатын қайтарғанына қарамастан, олар дәрігердің жұмыс істеуіне тыйым салуды сұрап, облыс прокуратурасына өтініш жолдаған.

«Анестезиолог-реаниматологтан сертификатын кері қайтару жөнінде арыз түсті. Өтініште 22-ші ақпаннан бері жұмыс істемегенін, сертификатты болашақта пайдаланбайтынын жазған. 25-ші желтоқсан күні осы сұраным негізінде аталған сертификат электронды ақпараттар базасында өз күшін жойды», — деді Ольга Смирнова.

Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 317-ші (медицина немесе фармацевтика жұмыскерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы) бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, анестезиологтың емінен кейін екі бала қайтыс болған деген күдік бар. 2016 жылы 12 жастағы Жансая Омарова, ал биыл ақпанда екі жасар Семён Арзамасцев анестезиядан кейін тіл тартпай кеткен. Осы іске қатысты тергеу әлі жалғасуда.

Автор: А.Қуаш