Қарағандыда бір-біріне жол бермей, әкелі-балалы қайтыс болды
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатында әкелі-балалы қайтыс болды. Бір отбасы мүшелері жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен көз жұмған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
36 жастағы ер адам мен 10 жасар ұлы Lada Granta көлігінде жолаушы боп отырған. Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып жолдың қапталына шығып кетеді. Қатты соққының салдарынан әкесі мен баласы сол арада тіл тартпай кетті.
Ал Lada иесі ауруханаға жеткізілді. Howo-ны 34 жастағы жігіт тізгіндеген. Мәліметтерге қарағанда ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермей солға бұрып жіберген. Оқиғаның анық-қанығын полиция тергеп жатыр.