Ақтауда боди-массаж ұсынған екі қыз ұсталды (видео)

0

Ақтауда еркектерге боди-массаж ұсынған спа-салон анықталып, екі бойжеткен қамауға алынды, деп хабарлайды ЭК.

Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыстық полиция басқармасы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері спа-салонды анықтаған. Салонда 21 және 23 жастағы Ақтау мен Ақтөбелік екі қыз келушілерге боди-массаж қызметін ұсынған. Жедел уәкілдер салонның ұйымдастырушысын да тапқан. Ол Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 309-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда, деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі