Қарағандыда әкесі ұлын қылқындырып өлтірді

0
Қарағандыда әкесі ұлын қылқындырып өлтірді


Қарағанды облысында 58 жастағы әкесі 39 жастағы ұлын өлтіріп, жедел жәрдем мен полицияға қоңырау шалған.

Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі patriotkaragandy парақшасында жарияланды. Оқиға Бұқар жырау ауданында болған. Әкесі төбелесіп жатып, ұлының мойнынан қылқындырған. Ал жіберіп қалғанда оның өліп кеткенін көрген. 

Осыдан кейін әкесі жедел жәрдем мен полицияға хабарласқан. «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көршілері марқұмның еш жерде жұмыс істемейтінін, қашан көрсе де бос жүретінін айтады.  

Дереккөз: sn.kz