Допинг дауына ілінген қазақстандық спортшы чемпион атағынан айырылмайтын болды — новости Казахстана

0

Отандық жас спортшы Еламан Ерғалиев чемпион атағынан айырылмайтын болды. Допинг дауына ілінген балуанның мәселесі жөнінде қазақ күресі федерациясының президенті мәлімдеме жасады деп жазады prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: prosports.kz

Фото: prosports.kz

«Федерация үнемі допингпен күреседі. «Қазақстан Барысының» жеңімпаздары WADA допинг сынағынан өткен жағдайда ғана, сыйақыларын алады. 2017 жылы, басқа кездері де солай болып келеді» , — деді Арман Шораев.

Оның мәлімдеуінше, допингке байланысты спортшылардың жарысқа бармай қалған кездері де болды.

«Еламан Ерғалиев 2017 жылы бас турнирде адал жеңіске жеткен болатын. Ешқандай допинг анықталған жоқ, ол өзіне тиесілі сыйақысын алды. Бүгінгі жағдайға орай, мынаны нақты айта аламын. 2018 жылдың қараша айында допингтің табылуы спортшының бұрынғы еңбектерін жоққа шығарып, жеткен жетістіктерін жоймайды. Алда өтетін додаларға жіберілмеу немесе шеттетілу жөніндегі шешімді Федерацияның Атқарушы комитеті қабылдайтын болады», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі күн бұрын «Қазақстан Барысы-2017» жеңімпазы допингпен ұсталған болатын.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар