Қарағанды теміржол вокзалының аумағы кеңейтіледі

0
29 Қараша 2018, 16:58 278 0

Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

Астана, BAQ.KZ. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

2018 жылдың тамызынан жүргізіліп келе жатқан Қарағанды теміржол вокзалының қайта жаңартылуы 2019 жылдың соңына таман аяқталады.

«Бүгінде уақытта қосымша терминалды салу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. 2-5 жолдарда еркін жүріп-тұру үшін эскалаторлар мен лифтілер орнатылған жылытылатын жабық конкорстық өтпелер салынады. Вокзал қызметіне мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кедергісіз қолдары жетуі үшін жағдайлар жасалады. Жолаушылардың өздерін платформаларда жайлы сезінуі үшін қалқалар тұрғызылатын болады», — делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ хабарламасында.

Жөндеу-құрылыс жұмыстары кезен кезеңімен жүргізіледі. Нысанды пайдалану кезеңіндегі жұмыс барысында барлық қажетті ережелер сақталады.

Жобамен вокзалдың ара-жігін айқын ажырату жоспарланып отыр. Операциялық аймақта касса залы, анықтама бюросы және күту залы орналасады. Ал сервистікте – сақтау камералары, ана мен бала бөлмесі, сервис-орталық, шағын-маркет, тамақтану пункты, сауда дүңгіршектері және шаштараздар.

«Қайта жөндеу көргеннен кейін вокзал аумағы 1576,9 шаршы метрге ұлғайып, 3901,7 шағын метрді құрайтын болады, бұл өз кезегінде тәулігіне 4000-нан 7000 дейін жолаушыны өткізуге, орындықтарды 417-ден 670 дейін арттыруға мүмкіндік береді», — дейді мамандар.

Айта кетейік, қайта жаңарту вокзалдың проблемаларын шешуге, жолаушылардың қауіпсіздігін арттыруға, нысанды терроризмнен қорғауға бағытталған.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ