Қарағанды-Теміртау тасжолындағы апатта 6 адам қаза тапты
Қысқа сілтеме алу
Түрлі жарақат алған үш әйел ауруханаға жеткізілді
ҚАРАҒАНДЫ, 29 маусым — Sputnik. Қарағанды-Теміртау тасжолындағы «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю бекетінің жанында ірі апат болды. Алты адам оқиға орнында көз жұмды. Үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық травматология орталығына үш адам жеткізілген.
«Бір әйел бас жарақатын алған, бұғанасы сынды. Екінші науқас та бас жарақатын алған. Үшінші әйелде аяқтың жабық сынығы бар, басын жарақаттаған. Қазір зардап шеккендерге тиісті меициналық көмек көрсетілуде», — деп хабарлады Sputnik Қазақстан–ға басқарманың баспасөз хатшысы.
Тағы оқыңыз: Алматылық әйел бір уақытта екі көліктің астына түсті
Травмотологиялық қызмет орталығы хирургтар мен нейрохирургтардың қосымша бригадаларын жасақтады.
Дәрігерлердің айтуынша, қаза тапқандардың арасында балалар жоқ.
Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Daewoo көлігінің жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін. Алдын ала ақпарат бойынша Қарағандыға бет алған 30 жастағы әйел рөлге ие бола алмай қалып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Оның көлігі Audi-мен соқтығысады. Рөлде 36 жастағы ер адам болды.
«Жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен көліктердегі төрт жолаушы оқиға орнында қаза тапты», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Апатқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
sputniknews.kz