Қарағанды облысының «Жыл мұғалімі» белгілі болды

0

Байқау қорытындысында Гран-при жүлдесі мен 350 000 теңге сыйлыққа Ақтоғай ауданының Ә. Бөкейханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Перизат Жексенбаева ие болды.

Бірінші орын және 200 000 теңге «Білім-Инновация №1» лицей-интернатының физика пәні мұғалімі Жақсылық Ақанға бұйырды.

Екінші орын және 150 000 теңге  Абай ауданының А. Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гмназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлшат Ағайдароваға берілсе, 3-орын және 100 000 теңгенің сертификаты Шахтинск қаласындағы №3 орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Людмила Цейге тапсырылды.

– «Жыл мұғалімі» облыстық байқауы үш кезеңнен тұрады. Біріншісі аудандарда және қалаларда өтеді. Екінші кезеңде үміткерлер ашық сабақтар өткізеді. Үшінші кезең – ол ақтық сайыс, мұнда облыстың педагогтары жиналады. Мұндай байқаулар мұғалімдерге өздерін тексеруге, кәсіби тұрғыда өсуін байқауға, тәжірибе алуға мүмкіндік береді, – деді қазылар алқасының мүшесі Мәулида Жошина.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды

Дереккөз: http://egemen.kz/