Қарағанды облысында құс фабрикасындағы өрт 7 сағатта әрең сөндірілді

0

6 қарашада Абай ауданының Құрма ауылындағы «Агрофирма Құрма» ЖШС құс фабрикасынан өрт шыққан, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Төтенше жағдай департаментінің ақпаратына сәйкес, өрттің шығуына ашық от көзі себеп болған.

«Белгілі болғандай бір қабатты жұмыртқа қоймасы ғимаратының ағаш шатыр жабыны, сондай-ақ жалпы ауданы 450 шаршы метр болатын ғимарат ішінде жинақталған ағаш табандық мен картон қаптамалар жанған. 12 сағат 42 минутта өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт 19 сағат 15 минутта ауыздықталды», — деп хабарлады облыстық ТЖД.