Филипп Киркоров қазақтың шапанын киіп, Индира Елемеспен бірге ән салды

0

РФ халық әртісі Филипп Киркоров Алматыда жеке ән кешінде қазақстандық әнші Индира Елемеспен бірге «Роза чайная» әнін орындады. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Филипп Киркоровқа қазақтың шапаны мен тымағын Диана Шарапова сыйға тартты. Ал, оның шәкірті Индира Елемес Киркоровпен  бірге ән салды. «Бүгінгі концертке сән берген Индираға ду қол шапалақ», — деді Филипп Киркоров.