Домой Жаңалықтар Қарағанды облысында ер адам 5 жасар баланы тонап кеткен

Қарағанды облысында ер адам 5 жасар баланы тонап кеткен

0
198

Қарағанды облысының тұрғыны бес жасар баланы тонап кеткен, деп хабарлайды kznews.kz сайты stan.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға Қарқаралы ауданындағы ауылдардың бірінде болған.
9 қараша күні Қарқаралы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен.

«Әйел өзі дүкенге кіріп кетіп, 5 жасар баласын сөмкесімен сыртта қалдырып кеткенін айтты. Анасы азық-түлік алып жүрген уақытта белгісіз ер адам бүлдіршінге жақындап сөмкесін тартып алып, ұялы телефонын алып кеткен», — делінген полиция ақпаратында.

Көп ұзамай полицейлер күдікті азаматты қолға түсірген. Баланы тонаған 36 жастағы ер адам болып шықты.

Ұялы телефон айғақ  зат ретінде тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат қылмысы дәлелденсе, төрт жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.