Қарағанды ​​облысында 4 жасар қыз терезеден құлап, мерт болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарағанды ​​облысында 4 жасар қыз терезеден құлап, мерт болды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

бала

Қайғылы оқиға Сарышаған кентінде 26 мамыр күні сағат 21:10-да болды. Ата-анасының қарауынсыз қалған бүлдіршін көп қабатты үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті. Көптеген жарақат алған қыз шұғыл ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Бала алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

«Бұл — Қарағанды ​​облысында осы жылы балалардың терезеден құлауының жетінші оқиғасы. Бұған дейін мұндай фактілер Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған және Шахтинск қалаларында болған. Осы жағдайлардың бәрінде балалар түрлі ауыр жарақаттар алған», — деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомствода балалардың өмірі мен денсаулығы үшін ашық терезелер мен москит торлардың қауіптілігін ескертті.  Баспасөз қызметінде ата-аналарды қырағы болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

«Баланың терезеге көтеріле алмауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алып тастаңыз. Москит торларға сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Терезеге балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейтін арнайы бекіткіштерді қойыңыз. Балалармен терезелердің қауіптілігі туралы әңгіме жүргізіңіз. Егер бекітуші құрылғыны орнату мүмкіндігі болмаса, терезе тұтқасын қажет болған жағдайда ғана пайдаланып бұраңыз», — деп атап өтті ведомствода.

 

stan.kz