Қара тас қақ жарылған: Қағба туралы қызықты 10 деректі білесіз бе?
Әлем бойынша миллиондаған адамға Меккеден артық қасиетті жер жоқ. Тіпті, мыңдаған адамдар Қағбаны жиырма төрт сағат бойы маңайлап жатады. Ал осы Қағба туралы қызықты деректерді білесіз бе? Ендеше azan.kz сайты назарларыңызға қасиетті орынға қатысты бірнеше ақпарат ұсынады.
1. Әлемдегі ең үлкен текше (куб) алғашында басқа пішінде болған
Басында, Қағба жартылай дөңгелек пішінде болған. Алла Елшісіне пайғамбарлық міндеті келмей тұрып, құрайыштықтар Қағбаны қайта тұрғызу жұмыстарына құмар ойындардан, жезөкшеліктен, ұрлықтан, ысырапшылдықтан түскен ақшалар қолданбау керек болған.
Алайда, бай сауда-саттық қаласында «таза» ақша табыла қоймапты. Осылайша, олар Қағбаның кішкентай көрінісін тұрғызып, балшықтан қабырға салған. Өмірінің соңына қарай Пайғамбарымыз Қағбаны бастапқыдай өзгерткісі келіп, үлгермей өмірден озыпты.
2. Қара Тас қақ жарылған еді
Қазір біз күміс жиектемесі бар қара тасты көріп жүрміз. Алайда Меккені Абдулла ибн Зүбәйр басқарған тұста бұл тас қақ жарылған екен. Кең жайылған пікірлерде Бахрейннен шыққан еретикалық исмаилиттер Меккеге шабуыл жасаған. Осылайша, он мыңдаған қажыларды өлтіріп, денелерін зәм-зәм құдығына лақтырып кетіпті.
Олар Қара тасты ұрлап, басқа жаққа алып кеткен. Артынша Аббасид халиф үлкен құн төлеп, тасты қайтарып алған. Ал қақ жарылған Қара тасты жинау үшін тек жиектеме салу керек болыпты. Тарихшылардың сөзінше, Қара тастың шашылған бөліктері әлі толық жинастырылмаған.
3. Негізінде екі Қағба бар
Қағбаның дәл төбесінде оның көшірмесі бар.
4. Қағбаның ішінде оның қайта тұрғызуға ат салысқан басшылардың есімдері жазылған
Көп адамдар Қағбаның ішін көргісі келеді. Ал тастың ішінде болған адамдардың сипаттамалары рас-өтірігі белгісіз. Қазіргі таңда Қағба іш жағынан мәрмәрмен, жоғарғы қабырғалары жасыл шұғамен қапталған. Тақтайшаларда барлық ел билеген басшылар мен оның қайта тұрғызылуына ат салысқан тұлғалардың есімдері жазылған.
5. Айналасында жүзуге тура келетін де күндер болды
Қағба алқаптың төмен жағында болғандықтан жиі су астында қалған. Тіпті, бірнеше күн бойы қара тасты жартылай су басып тұрған кездер болыпты. Алайда, бұл қажылық етушілерді еш тоқтатпаған екен. Олар тастың айналасында жүзіп жүріпті.
6. Қағба есігі барлық адамдарға ашық еді
Осы уақытқа дейін қалаған адамдар аптасына екі рет Қағбаның ішіне кіріп, намаз оқуларына болатын еді. Алайда, қажылыққа барушылар санының өсуіне және басқа да факторларға байланысты, оның есігі жылына екі рет жоғары лауазымды тұлғалар мен ерекше қонақтар үшін ғана ашылады.
7. Оның кілті тек бір ғана әулеттің иелігінде
Мекке алынғаннан кейін Алла елшісі кілтті өзіне алып қалудың орнына Бани Шаиба әулетінен шыққан Осман ибн Талхаға ұсынады. Бұл әулет көптеген жылдар бойы Қағбаның қорғаушысы болып келеді. Қазіргі күнге дейін, халифтар, сұлтандар мен патшалар сияқты жоғары лауазымды тұлғалар Қағбаға кіру үшін бұл кішкентай меккелік жанұядан рұқсат сұрайды.
8. Қағба түрлі түсті болған
Алтын өрнектермен әшекейленген қара түсті Қағбаға көзіміз әбден үйренген. Алайда, оны қара түспен жабу дәстүрі тек Аббасидтер кезінде келіпті. Оған дейін Қағба әртүрлі түстермен, соның ішінде жасыл, қызыл және ақ түсті болыпты.
9. Алғашында оның екі есігі және терезесі болатын
Алғашқы кезде Қағбаның кіруге және шығуға арналған екі есігі, сонымен қоса терезесі бар еді. Қазіргі Қағба терезесіз, тек бір ғана есігі бар.
10. Қағба бірнеше рет қайта тұрғызылған
Қағба бүгінге дейін қайта құруды қажет етіп отырған. Пайғамбарымыздың заманында ол күрделі жөндеуден өткен. Соңғы құрылыс 1996 жылы өткізіліп, үлкен жұмыстар атқарылды.
Дереккөз: kaz.nur.kz