Қар жауып, ызғар болуы мүмкін: Синоптиктер мамыр айындағы ауа-райына болжам жасады — Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы климаттық нормаға жақын, ал оңтүстік жартысында цельсийден бір градусқа жоғары болады деп күтіледі. Айдың бірінші жартысында аяз және сулы қар болуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет синоптиктерін сілтеме жасап хабарлайды.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, ҚР оңтүстік-батысы жартысында – нормадан аз, еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы және тау бөктері аймақтарында нормадан көп болжанады.
Мамыр айының бірінші жартысындағы ауа райы
Көпжылдық климаттық мәліметтер бойынша мамыр айының бірінші жартысында Қазақстанның оңтүстік жартысында, ал айдың соңына қарай солтүстік жартысында үсік тоқтатылады.
Синоптиктердің хабарлауынша, осы жылдың мамыр айында түнгі сағаттарда еліміздің солтүстік-шығыс өңірі мен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аймақтарында ауа температарусының үсікке дейін төмендеуі ықтимал.
Айдың ең басында ауа райын Орталық Азия аймағынан жылы ауа массалары анықтайтын болады, бірақ фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың кей жерлерінде найзағаймен өткінші жаңбыр, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысының кей жерлерінде күші 15-25 м/с дейін екпінді желмен қатты жаңбыр және бұршақ түсуі мүмкін. ҚР басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +18+25°С, солтүстік-батыстың кей жерлерінде +15°С, оңтүстік-батыста және оңтүстікте +25+30°С құрайды.
2020 жылдың 3-5 мамыр аралығында Карск теңізі аймағынан суық антициклонның кіруімен және фронтальды бөліктердің өршуімен еліміздің солтүстік-шығысында арты қарға ұласатын жаңбыр, желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Ауа температурасы туралы:
- республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде -3+5°С дейін, күндіз +7+12°С дейін;
- оңтүстік-шығысында түнде +2+10°С дейін, күндіз +15+23°С дейін;
- оңтүстік-батысы жартысында Иран аймағынан жылы ауа массаларының шығуынан ауа температурасының +25+33°C дейін жоғарылауына алып келеді.
Жауын-шашын айдың екінші жартысында тоқтайды
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында оңтүстік-батыс жартысынан жылудың республиканың қалған аймақтарына ығысуына қарай ҚР басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтатылуы және температуралық фонның жоғарылауы күтіледі.
Сондай-ақ екінші және үшінші онкүндіктерде тұрақсыз ауа райы: екпінді желмен және найзағаймен жаңбыр, бұршақтың түсуі мүмкін. Кезекті суық толқынында ауа температурасының төмендеуі:
- солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнде -3+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін;
- батыс және оңтүстік батыс жартысында түнде +5+13°C дейін, күндіз +13+21°C күтіледі.
Мамыр айының соңында температура + 33 градусқа дейін көтеріледі
Синоптиктердің болжауынша, екінші және үшінші онкүндіктерде жоғары температура күндері басым болады::
- республиканың солтүстік жартысында күндіз ауа +20+28°C дейін;
- оңтүстікте +25+33°C дейін қызады.
Қазгидрометте мамыр айындағы болжам — консультативтік екенін еске салды. Ол синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіліп, онкүндік болжамдармен анықталатын болады.
Синоптиктер су тасқыны туралы ескертеді
Қазгидрометтің хабарлауынша, 2020 жылдың 2-8 мамыр аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі Мәскеу аудандарынан келген циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты, найзағай ойнап, екпінді жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте дауыл тұрып, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.
Болжам бойынша, Шығыс-Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өзендерде су деңгейінің көтеріледі және бүйірілік ағынның қалыптасуы болады.
Қазақстанға аралықтың ортасында Жаңа Жер аралынан суық антициклон таралады. Оның келуімен жауын-шашынның тоқтатылуы, сондай-ақ ауа температурасының түнгі сағаттарда минусқа дейін төмендеуі күтіледі. Аралықтың соңында оңтүстіктен жылы ауа массаларының шығарылуымен температуралық фонның жоғарылауы күтіледі.
Қазақстанның көптеген облыстарында көктемгі су тасу аралығы аяқталды. Тек Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасу аралығы мамыр айының бірінші онкүндігіне дейін жалғасады.
Сондай-ақ Ақмола облысының өзендерінде көктемгі су тасу шыңы өтті. Нұра және Есіл өзендері деңгейінің одан әрі ауытқуы болжанып жатыр, бұл өзендердің жоғарғы жағына қарай жылжу толқыны есебінен болады.
stan.kz