Қар, көктайғақ, боран: 5 желтоқсанға арналған ауа райы
«Қазгидромет» синоптиктері 5 желтоқсан, сенбі күні ел аймақтарында ауа райы қандай болатынын айтты.
Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың кей жерлерінде қар жауады. Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді. Оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз боран соғады. Жел жылдамдығы — 15-20 м/с. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын көтеріледі. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде 23 градусқа дейін қатты аяз сақталады.