Алматы маңында бетон араластырғыш көлік құлап, екі адам көз жұмды

0
88

Алматыда жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға Алматы-Бішкек тасжолында мегаполистен 22 шақырым жерде орналасқан «Бахар» мейрамханасының жанында болған. Жүк тиелген автобетонараластырғыш (8 текше метр бетон – 19,2 тонна) батыс бағытта жылжиды.

Ал бензин тасушы мен Lexus LX 570 параллель шығысқа қарай жүреді. Соңғы екеуі бұрылып жатқанда бетонараластырғыштың алдына шыққан. Бетонараластырғыш жүргізушісі соқтығыспас үшін рөлді кері бұрып, жол шетіндегі жиекке жанымен құлайды.

Оқиға салдарынан Lexus көлігіндегі жүргізуші мен жолаушы көз жұмды. Басқа екі жүргізуші дін аман.