Қар еріп, жаңбыр жауды: Орал көшелерін су басты
Жаңа жыл қарсаңында Орал қаласында үлкен қар жауды да, кейін ол ери бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап.
1 қаңтарда күн жылып, қар ери бастады, ал түнде жаңбыр жауды. 2 қаңтарда қала көшелері суға толды.
«Жайық таза қала» ЖШС директоры Ринат Нұрғалиев қалада екі ауысымда еріген суды сору және қар шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қала көшелерінде күндізгі ауысымда алты вакуумдық көлік, түнде сегіз көлік, бір сорғы, төрт суару көлігі жұмыс істейді. Екі ауысымда 360 адам барі. Тағы 42 «КАМАЗ», үш қар тиегіш және 17 тиегіш қарды шығаруға жұмылдырылған.
Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.