Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарында боран және жол дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазавтожол»-дың мәлімдеуінше, бұл аймақтарда автокөліктің кез келген түрімен жолға шығуға болмайды.
Ақмола облысы бойынша:
- Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолында: Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін.
Ақтөбе облысы бойынша:
- Самара-Шымкент тас жолы: Белогорка ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін;
- Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай тас жолы: Қарабұтақ ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін.
Қостанай облысы бойынша:
- Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай тас жолы: Ақтөбе облысының шекарасынан Рудный қаласына дейін;
- Денисовка-Жітіқара-Муктыкөл тас жолы: Денисовка ауылынан Ресей Федерациясының шекарасына дейін;
- Қостанай-Әулиекөл-Сурған тас жолы: Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).
Қызылорда облысы бойынша:
- Самара-Шымкент автожолы: Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін.
Штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда жүргізушілерден 1403 нөміріне қоңырау шалу сұралады.
3 қаңтарда сағат 8.00-ден бастап желдің күшеюіне және нашар көрінуіне байланысты республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы автожолы (1003-1247 км), Астана-Атбасар учаскесі көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Сондай-ақ, Өскемен-Семей (10-198 км учаскесі), Өскемен-Алматы (971-1068 км учаскесі, Қалбатау ауылы- Қасым Қайсенов кентіне бұрылыс) жолдары жабылды.