Қаңтарда қаза тапқан Айкөркемнің отбасы биліктің қысымына шыдамай шетелге көшіп кеткен

0

Назарбаев университетінің студенті бітіру рәсімінде бас киіміне Айкөркемнің суретін іліп шықты, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Мұны Twitter желісінде Назерке есімді студент жариялады. Бұдан бөлек басқа студенттер «Қазақ еркін», «Украинаны қолдаймын» деген жазбалармен шыққан.

Назерке өз жазбасында қаңтарда қаза болған жандарға қатысты ойын айтты.

«2022 жылдың қаңтарында 300 адам қаза болды. Оларға арнап бір минут та үнсіздік жарияланбады. Жанашырлық пен ынтымақтың өзі жеткілікті болар еді. Олардың бәрі — отандастарымыз»

3 маусымда Алматы қаласында Айкөркемнің бейнесі бар мурал пайда болды. Бірақ билік оны бір сағатқа жетпей өшіріп тастады. Кейін Айкөркемнің әкесін полиция шақырып, тергеу жүргізген. Биліктің қысымына шыдамаған отбасы кеше елден кеткенін хабарлады.