Қаңтар оқиғасы туралы түсірілген екі фильмнің көрсетілімі тоқтап қалды

0

Алматыда өткен фестивальде Қанды қаңтар оқиғалары туралы екі фильмнің көрсетілімі тоқтатылды, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл сайынғы Baiqonyr кинофестивалін ұйымдастырушылар «Техникалық себептерге байланысты» қаңтар айындағы оқиғалар туралы екі фильмнің көрсетілімін тоқтатты. «Қаңтар» және «Біз көтеретін ауыртпалық» картиналары қанды қаңтардағы бейбіт митингілер кезінде балаларынан айырылған екі ананың қайғылы оқиғаларын баяндайды.

Кинофестиваль ұйымдастырушылары техникалық ақаулардың орын алғанын хабарлады. Сондықтан конкурстан тыс жоспарланған фильмдердің көрсетілімі тоқтатылды. «Арман» кинотеатрына қатысқан көрермендер фильмдер көрсетілімі тоқтатылғанға дейін ғимаратқа әскери формадағы курсанттарды әкелгенін айтты. Киноға келген көрермендерге кинотеатрда қалуға тыйым салынды.

Фото: yandex.kz