«Аузына маса кіріп кетті»: Әнші Мирас Жүгінісов сахнада ыңғайсыз жағдайға тап болды (видео)

0

Қазақстандық танымал әнші Мирас Жүгінісовтің концертінде қызық жағдай орын алды. Өнер иесі көпшілік алдында өнер көрсетіп жатып, әнін дұрыс орындай алмаған.

Әртіске маса кедергі келтірген, деп жазады kznews.kz сайты nur.kz порталына сілтеме жасап.

Аталмыш концертте орын алған ыңғайсыз жағдайдың видеосы Instagram желісінде тарап кетті.

Бейнежазбадан өнерпаздың ән шырқап жатып, оны дұрыс аяқтай алмағанын байқауға болады. Соңында әнші көпшіліктен кешірім сұрап, болған жайтты түсіндіруге тырысты. Сөзінше, ән айтып жатқанда оның аузына маса кіріп кеткен.

Желі қолданушылары видеоны қызу талқылап, оған қатысты өз пікірлерін жаудырды.

«Атыраудың масаларына күлуге болмайды. Шынымен шақса қауіпті», «Бағы бар маса екен», «Концерттерде түрлі қызықтар болып тұрады», «Соны ұялмай, жанкүйерлерінен кешірім сұрап түсіндіріп жатыр. Сондай қарапайым», «Өнерің өрлей берсін», «Ондай болып тұрады. Бастысы өз тыңдармандарын бәрін түсініп тұр», — деп жазуда көпшілік.