Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан төрт жасар қыздың портреті бейнеленген муралды қайта өшіріп тастады

0
339

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан төрт жасар қыздың портреті бейнеленген қабырға суреті пайда болып, қайтадан өшіріліп тасталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Суретті Айкөркемнің әкесінің қызына арнап шығарған «Қай аға маған оқ атқан?» өлеңінің сөзі жазылған. 

«Еркесі едім үйдегі,

Деуші еді бәрі ботақан.

Қуанушы еді үлкендер,

Берді деп сені жаратқан.

Алаңсыз келе жатқанда,

Қай аға маған оқ атқан?

Атыпсың дәлдеп мылтықты,

Алды-артыңа қарамай.

Осынша неге өшіктің

Кіп-кішкентай балаға-ай?

Не кінәм менің бар еді

Өлтірдің неге, ағатай?!»

Мурал Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында орналасқан қабырғаға салынған еді. Бірақ оны қайта  бояп, өшіріп тастады…