Домой Жаңалықтар «Өзімді «ұсқынсыз» деп есептейтінмін»: Ләйлә Сұлтанқызы ескі суреттерін бөлісті

«Өзімді «ұсқынсыз» деп есептейтінмін»: Ләйлә Сұлтанқызы ескі суреттерін бөлісті

0
862

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бұрынғы суреттерін жариялап, өзінің өткен өмірін есіне алды. БАҚ өкілі артық салмақпен күрескен кезі туралы сыр шертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы бұрынғы фотоларын бөлісуден еш ұялмайтынын алға тартты. «Құрбыларым әбден мазақтайтын суреттер легі ғой. Иә, мен өзімнің «ұсқынсыз» суреттеріме қараудан, оларды желіге салудан қорықпаймын. Бұл менің өткен жолым, шындығым. Мойындаймын, ішкі жан дүниемнің быт-шыты шығып жүргенде сыртқы келбетім осындай болды. Бүгінге жету үшін жыладым да, құладым да. Шектеулер өмірге деген ренішке, реніш артық салмаққа, артық салмақ көптеген комплекске әкелді.

Өзімді «ұсқынсыз» деп есептейтінмін. Сол үшін өзімді әбден жеген кездерім де болды. Қатарластарыма ұнамаймын ба деп ойлайтынмын. Оның үстіне артық салмақтың жас қосатыны бар. Өзіме сенімсіз болғаным соншалық, бүкірейіп жүретінмін. Кейін өзімді психологиялық тұрғыда зерттеп бастағанда ғана себебін түсіндім. «Мені байқамай қалса екен» деген қоршаған ортадан тығылатын түсінік екен», — деді Сұлтанқызы Instagram парақшасында.