Қаңтар оқиғалары: Камазды әскерилерден тартып алып, бір қызметкерді өлтірген адам сотталды
Үкімді бүгін қылмыстық істер жөніндегі Қызылорда ауданаралық соты шығарды,— деп хабарлайды Kznews.kz сайты Orda.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Материалдарға сәйкес, 5 қаңтарда ер адам жергілікті сауда орталығының алдындағы тәртіпсіздіктерге қатысып, әскери қызметшіге зорлық-зомбылық көрсетіп, «Камаз» маркалы әскери көлікті басып алды.
Осыдан кейін ер адам рульге отырып, жүк көлігін шегініп бара жатқан әскери қызметшілерге бұрып, газ педальын басып, өзі көліктен секіріп кеткен.
Нәтижесінде «Камаз» таптап өткен әскери қызметші қайтыс болған.
Қызылордалық жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және әскери қызметшінің өміріне қол сұққаны үшін кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды.
t.me/orda_kz
Фото: tengrinews.kz