«Алматыдағы автотұрақ патшалары» 436 миллион қаражат ұрлады деген күдікке ілінді

0

Алматыда «AlanParking» ЖШС және «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директорларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, олар мемлекеттен 436 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты Orda.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы бойынша АФМ департаменті «AlanParking» ЖШС директоры Мұхтар Базарбаев пен «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Мұрат Принбековке қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы хабарлады.

Агенттік сотқа дейінгі тергеу барысында келтірілген залал толық көлемде өтелгенін, ал іс сотқа жіберілгенін нақтылады.

Сондай-ақ, ҚММ бас фигурант және қылмысты ұйымдастырушы Қайрат Боранбаевтың туған ағасы Мұрат екенін атап өтті, ол 20 шілдеден бастап халықаралық іздеуге жарияланды.

Фото, ақпарат: http://t.me/orda_kz