Қанға бөккен Қазан: Мектепте болған атыстың видеосы жарияланды
Татарстан астанасындағы No175 гимназиядағы атыстан кейін тоғыз адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға түсті.
Қазан қаласындағы мектепте болған атыста қаза тапқандардың саны тоғыз адамға дейін өсті, тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлады басылымға төтенше жағдайлар қызметі өкілі.
Интернетте Қазан қаласындағы мектеп ішінен көрінетін видео пайда болды, онда екі белгісіз адам, жасөспірімдерге оқ атты.
Қазанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.