Қазақстандағы кландық билік: Есімовтің інісі Сағынтаевтың орынбасары болды

0
1391

Ахметжан Есімовтың немере інісі Бақытжан Сағынтаевтың орынбасары болды. Бұл жөнінде журналист Гүлжан Ерғалиева өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Есімовтің немере інісі Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды. Осылайша билік ағасынан-інісіне, інісінен оның інісіне беріле береді. Чиптелгендер берілмейді. Қазақстанда кландық билік қашан аяқталады?», – деді ол жазбасында. 

Бұған дейін БАҚ-та Серік Құсайнов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны жөнінде ақпарат тараған. Ол Ахметжан Есімов Алматының әкімі болып тұған уақытта қалалық әкімдік аппаратының басшысы қызметінен Алмалы ауданы әкімі қызметіне ауыстырылған.  

Серік Құсайнов 1964 жылы Алматы облысының Шамалған ауылында дүниеге келген. Ол әр жылдары Алматы әкімі аппаратының басшысы, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты болып қызмет атқарған.

«Құрмет» орденімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы президентінің алғысымен марапатталған.

Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі.