Қанат Исламның жекпе-жегінің күні белгілі болды
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам шаршы алаңға оралатын күнін білді. Алайда әзірге оның қарсыласына қатысты еш мәлімет жоқ.
BoxRec мәліметіне сәйкес, қазақстандық келесі жекпе-жегін
20 ақпан күні өткізеді.
Қанат Ислам 2020 жылдың қазан айында жұдырықтасуы тиіс болатын. Алайда оған қарсылас табылмады. Сондай-ақ, боксшының Америкада жаттықтырушысы Роджер Ромамен бірге жаттығып жатқаны белгілі болды.
Қанат Ислам бір жылдан астам уақыт жұдырықтаспады. 2019 жылдың 26 қазанында соңғы рет шаршы алаңға шығып, төрешілер шешімімен намбиялық Уолтер Каутондоквуды жеңді.