Қазақша ән шырқаған орыс жігіт жұртты сүйсіндірді (видео)

0
1195
© Tengrinews.kz коллажы

Қазақ тілін еркін меңгеріп, қазақша әндерді орындап отырған орыс жігітінің видеосы Қазнетте кең тарады. Tengrinews.kz тілшісі әнші баламен сұхбаттасты.

Видеоның басты кейіпкері — Виталий Сергеев. Ол 1996 жылы туған. Алматы облысы, Жаркент қаласындағы жетімдер үйінде өскен. 16 жасынан бастап Кербұлақ ауданы, Байғазы ауылында тұрып келе жатыр.

@vitya.bСіз сиға тартқан орамал Амандос Елтай♬ оригинальный звук – Бауыржанулы Виталик

«Туған әке-шешемді білмеймін. Қазіргі таңда мені бағып алған ата-анаммен тұрамын. Байғазы ауылында жекеменшік мал шаруашылығымен айналысамыз. Көбіне жылқы ұстаймыз», — дейді Виталий.

Виталийдің TikTok желісіндегі парақшасында 11 мыңнан аса көрермені бар.

@vitya.b##рек##ауылым##врекомендации♬ оригинальный звук – Бауыржанулы Виталик

Оның видеоларына 140 мыңнан аса лайк басылған.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету