Қанат Ислам кім жеңетінін айтты
Қысқа сілтеме алу
Қанат Ислам Сергей Деревянченконың осал қарсылас емес екенін айта келе, жекпе-жек қалай өрбитінін болжап көрді
НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (15-0, 11 КО) Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) – Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлады Vesti.kz.
«Мен Деревяченкомен екі рет жұдырықтастым. Алғашқысында жеңіп, екіншісінде жеңілдім. Ол өте мықты боксшы. Дегенмен Головкиннің деңгейі жоғары. Сергей ашық айқасқа шығады, ал Головкин одан айласын асырады. Мен оған сенемін. Головкинге тек сәттілік тілеймін. Ол біздің еліміздің даңқын асырып жүр» , — деді Ислам.
Боксшылардың жекпе-жегі 5 қазанда (Нұр-Сұлтан уақытымен 6 қазан күні шамамен сағат 9:00-де басталады) Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Онда орта салмақтағы IBF және IBO титулдары бәске тігіледі.
Ермахан Ибрайымов: Головкин енді еш уақытта Альвареспен кездеспеу керек
Исламның өзі орта салмақтағы WBO International екінші дәрежелі титулы үшін намибиялық Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі. Жекпе-жек 26 қазанда «Алматы Аренада» өтеді.
sputniknews.kz