қашан және қайдан көруге болады

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Головкин мен Деревянченко арасындағы кездесу басты жекпе-жек болатын бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Таңертең орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен кездеседі.

Тағы оқыңыз: «Сергей өте мықты». Қанат Ислам Головкиннің ертеңгі жекпе-жегінде кім жеңетінін болжады 

Әлемдегі ең мықты боксшылардың кездесуі 5 қазан, сенбі күні (Нұр-Сұлтан уақытымен 6 қазан) Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді. Қарсыластар бұған дейін мексикалық Сауль Альвареске тиесілі болған IBF белбеуі үшін таласады. Бокс ұйымы Сергей Деревянченкомен жекпе-жекті уақытында келісе алмағандықтан Альварестен IBF титулын тартып алған болатын.  

Головкин – Деревянченко жекпе-жегі қайда көрсетіледі

«Қазақстан» телерадиокешені жекпе-жекті трансляциялау құқығын сатып алды. Бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» тікелей эфирде көрсетеді.

Уақыт белдеулеріндегі айырмашылықты ескергенде, жекпе-жектің тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 6 қазан күні сағат 05:00-де басталады. Кештің басты кейіпкерлері рингке елорда уақытымен таңғы 9-да шығады деп болжанып отыр.

Головкин – Деревянченко жекпе-жегінің билеттері қанша тұрады

Бокс әуесқойлары үшін жекпе-жектің ең арзан билеттері 56 доллар (шамамен 22 мың теңге), ал ең қымбаты 756 доллар (шамамен 292 мың теңге) тұрады.

Головкин-Деревянченко жекпе-жегінің андеркардында кімдер жұдырықтасады

Ең мықты екі спортшының бокс кешінде тағы бірнеше жекпе-жек өтеді.

Жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы беларустік Иван Баранчико мен пуэрторикалық Габриэль Брасеро кім мықтыны анықтайды.

Бұл күні Madison Square Garden рингіне Чарльз Конуэл (АҚШ) мен Патрик Дэй (АҚШ) де шығады.

Сонымен бірге спорт шоуы аясында қазақстандық Әли Ахмедов, америкалық боксшы Брайан Себальо және Өзбекстан өкілі Исраил Мадримов қолға түйістіреді.



sputniknews.kz