Қанат Ислам астаналық көпбалалы анаға баспана сыйлады
Қысқа сілтеме алу
Боксшы сегіз баласы бар жалғызбасты көпбалалы анаға екі бөлмелі пәтер сыйлады. Пәтер Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында Сарыарқа ауданында орналасқан
НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қанат Ислам астанадағы көпбалалы анаға баспана сыйлады. Пәтердің кілтін Гүлшат Баяділоваға жеңілмеген қазақ боксшысы өзі табыстады, деп хабарлайды «Ел-Несібе» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры.
Былғары қолғап шебері 5 шілдеде Алматыда өткен «Қанат Исламмен бокс кеші» атты шарадан жиналған қаржының бір бөлігіне көпбалалы отбасыға баспана алып беруді ұйғарған.
©
Photo : «Ел-Несібе» қайырымдылық қорынан алынды
Гүлшат Баяділова осы уақытқа дейін балаларымен бірге жер үйдің аядай бір бөлмесінде тұрған
Пәтер Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында Сарыарқа ауданында орналасқан. Баспана мектеп пен балабақшаға жақын орналасқан. Сондай-ақ, қажетті техника мен жиһазы да дайын.
Баяділова Гүлшат – жалғызбасты ана, «Күміс алқа» иегері. Сегіз баланы өмірге әкелген. Үлкен баласы ер жетіп, отбасын құрған. Екінші баласы науқас. Қаржы тапшы болғандықтан, нақты диагнозы анықталмаған. Үшінші баласы колледж студенті, ал қалған бес баласы мектеп оқушылары. Осы уақытқа дейін бәрі жер үйдің аядай бір бөлмесінде тұрған.
Тағы оқыңыз: Алматыда Қанат Ислам қарсыласын 10 секундта есінен тандырды – видео
Көпбалалы ананың пәтерге төлейтін қаражаты болмаған. Сондықтан ол зәулім коттедждің отын жағып, күлін төгіп, аула тазалағаны үшін шағын бөлмеде тегін тұрған.
sputniknews.kz