Қаллеки театры Мәскеуде бас жүлдені жеңіп алды

0

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өткен XVI халықаралық «Золотой Витязь» театр фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

 

XVI халықаралық «Золотой Витязь» фестиваліне ресейлік театрлармен бірге Армения, Сербия, Қазақстанның өнер ұжымдары қатысқан. Қазылар барлық театрдың қойылымын тамашалап, үздік спектакльді таңдаған.

 

Бас жүлдені жеңіп алған Астанадағы Қалибек Қуанышбаев драма театры Қазақстанның халық артисі Талғат Теменовтің жетекшілігімен Уильям Шекспирдің әйгілі «Отелло» трагедиясын қойды. «Бұл жеңіс біздің театрдың ғана емес, қазақ өнерінің жеңісі. Қазақ мәдениетінің жоғары екенін көрсетті» деді Талғат Теменов.

Байқауға жүзге жуық спектакль қатысқан.

«Айқын» ақпарат     

 

Дереккөз: Айқын