Қалаулымдық жігіт сүйіктісін студияға алып қашып келіп, беташар жасады (видео)

0

«Бір болайық» жобасында тағы бір жаңа отбасы құрылды. Атышулы бағдарламаның қатысушысы өз сүйіктісін алып қашып, оны тікелей эфир кезінде студияға келін етіп түсірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аброр Кувашбеков есімді қатысушы аталмыш бағдарлама арқасында өзінің өмірлік махаббатын жолықтырды. Өз таңдауына кәміл сенімді болған жігіт ғашығын тез арада өзінің жары етіп, оны алып қашуға бекінген.

Бұл істі іске асыруға Аброрға оның жобадағы достары көмектескен. Олар Назираны алып қашып, «Бір болайықтың» тікелей эфирі кезінде байланысқа шыққан. Жігіттер келінді студияға алып келіп түсіретіндерін хабарлап, елді қатты таңғалдырды. Нәтижесінде олар жоспарлағандай бойжеткенді тікелей эфир кезінде алып шығып, мыңдаған көрерменнің көзінше беташар дәстүрін өткізген.

Жаңа түскен келіннің бетін студияға арнайы келген Аброр Кувашбековтың анасы ашқан. Бұл әрекетімен қатысушы жігіт сүйіктісін табуына септігін тигізген бағдарламаға өз алғысын білдірмек болса керек.

Артынан қос ғашық пен олардың бірқатар достары күйеужігіттің туған жері Шымкент қаласына аттанып кетті. Аброр мен Назира тойдың қамына кірісіп кеткен. Желі қолданугушылары бірауыздан жарасымды жұпты құттықтап, оларға деген ақ тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, бұл аиалмыш жоба арқасында құрылған алғашқы отбасы емес. Бұған дейін бағдарламаның бірнеше қатысушылары үйленіп, бүгінде балалы болып отыр.