Қаламқас кенішіндегі өрт сөндірілді

0

28 наурызда Маңғыстау облысындағы Қаламқас кенішіндегі өрт сөндірілді. Бұл туралы Қазақстан энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлады.

Министрлік өкілінің сөзінше, 28 наурызда түнгі сағат 1.05-те Қаламқас кенішіндегі №8237 ұңғымадан шыққан өрт сөндірілген. «Қазір газды судың атқылауы тоқтап, грифон жабылды», — деді Жеңісбек.

Жергілікті басылымдар Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Төкеновке сілтеме жасап, «мұнайдың сыртқа шықпағанын» жазған.

Қаламқас кенішінен өрт, биліктің хабарлауынша, 25 наурызда таңғы 5.46-да шыққан.

Маңғыстау облысындағы «Қаламқас» кенішіндегі ұңғымалардың бірінде апат болып, сыртқа газ-су қоспасы шықты деген ақпарат тараған.

«Қаламқас» кенішін барлаумен — «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы, бұрғылаумен «Si Bu» инженерлік бұрғылау компаниясы айналысады.

Azattyq