Көкшетауда ер адам аяғы ауыр әйелін көшеде тепкілеп тастады (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0
116

Көкшетауда 33 жастағы ер адам аяғы ауыр әйелін көшеде аяусыз ұрып-соғып, тепкілеп тастады. Оларға сол жердегі адамдар араша түспек болғанымен, ашуға берілген ер адамды тоқтата алмай әлек болды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Көкшетауда ер адам аяғы ауыр әйелін көшеде тепкілеп тастады (видео)

Ер адам қаладағы мейрамханалардың бірінің алдында жүкті әйелін соққының астына алған. Ол әйелін ұрып-теуіп, нәтижесінде жүкті әйел жерге құлаған. Оған сол жердегі адамдар көмекке келіп, ер адамды тоқтатпақ болды. Алайда ашуға берілген ер адам оларға қарамастан жұдырық сілтеуін жалғастыра берді. Желіде тараған видеодан екі жігіттің ер адамға тосқауыл бола алмай, әлекке түскені байқалады.

Ескерту! Видеоны психикасы әлсіз адамдарға және жүкті әйелдерге көруге кеңес берілмейді!


Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчуктің сөзінше, мұндай жағдайға отбасылық кикілжің себеп болған.

«Әлеуметтік желіде пайда болған бейне жазбаны полиция тексерді. Олар ерлі-зайыпты адамдар екен. Отбасылық кикілжің  орын алған. 1989 жылы туған келіншек арыз түсірмейтінін айтты. Күйеуін кешірді. Жәбірленуші шағымы болмағандықтан, участке инспекторы профилактикалық кеңес өткізді», – дейді Гүлнәр Пинчук.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.



stan.kz