«Қалай ұйықтайсың?». Ақтөбе әкімі жолды жөндеген мердігерлерді қатты сынға алды

0

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров жолдарды жөндеген мердігер компаниялармен жиналыс өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Диапазон» сайтына сілтеп.

Қала басшысы жолды жөндеу жұмыстарының сапасына көңілі толмайтынын айтып, мердігерлерді қатаң сынға алды. Асхат Шахаров қала тұрғындары жөндеу жұмыстарының сапасына реніштерін білдіргенін айтты.

«Тағы қайталап айтамын, жұмыстарыңыз сенімді ақтамады! Мемлекет бұл қызметті сіздерден, жол жұмысшыларынан сатып алды. Сіздер бұл наразылықтардың барлығын экономикалық шиеленістен әлеуметтік шиеленіске айналдырып жатырсыздар. Біраз сынның астында қалдық. Кейбіріңізбен күш тұрғысынан сөйлесемін, өйткені сіздер келісімшарттағы міндеттерді орындамай отырсыздар», — деп сынады Асхат Шахаров мердігерлерді.

Қала әкімі жұмысын сапасыз істеген мердігерлерге сотқа беретінін ескертіп, жол зертханасына қала жолдарының сапасын қадағалауды тапсырды.

Бұған дейін, ақтөбелік тәртіп сақшылары шұрық-тесік жолды дер уақытында жамамағаны үшін шенеуніктерді сотқа берді еді.