Қалай алдың, солай қайтарасың. Қайрат Сатыбалдының мемлекетке қанша ақша қайтаратыны белгілі болды

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі көлемде «Қазақтелеком» АҚ және «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ қаражатын жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Іске бес күдікті қатыстырылды, оның біреуі қамауда, екеуі үйқамақта отыр.
Тергеу барысында сотталушылардың заңсыз иемденген мүлкі мен қаражаты мемлекетке жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам немесе 500 миллион АҚШ долларынан астам сомада қайтарылды.

Сатыбалдыұлына қатысты салық және кеден төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергеліп жатыр.

Айыпталушының басқа да заңсыз мүлкін іздеу белсенді жалғасуда.

Елімізде және шетелде жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден астам немесе 900 миллион АҚШ долларынан астам сомаға қосымша жылжымайтын мүліктер, автокөліктер мен қаражаттар орнатылып, жақын арада мемлекетке қайтарылатын болады.

Ақпарат: gazeta.kz, фото:  Sputnik / Болат Шайхинов