Алматыда ұрының кесірінен бір адам көз жұмды

0
395

Алматыда 22 жастағы ұрының кесірінен көлік апаты болып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын сотталған Р. есімді күдікті Ақсай шағын ауданындағы үйлердің ауласынан Mazda-ны ұрлап кеткен. Кейін ол тағы бірнеше рет қылмыс жасаған.

Нақты айтсақ, Алатау ауданындағы тұрғын алабында жас жігіт түнде 3 көліктің аккумуляторларын ұрлаған, ал таңғы 6-да көлік апатына себепкер болған. Күдікті Саина көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай даңғылының қиылысқанда Toyota Corolla және Kia Rio-мен соқтығысқан. Салдарынан 52 жастағы ер адам басқарған Kia Rio инерциямен кедергіге соғылған. Өкінішке қарай, ол оқиға орнында көз жұмды, — деді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.

Патрульдік полиция қызметкерлері ұрыны ұстаған. Mazda-ның иесі көлігінің ұрланғанын білмеген.

«Көлік апатына қатысты дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу бөтен көлікті заңсыз иелену, бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша да жүргізіледі», — деді басшы.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.