Қала әкімінің бірінші орынбасары азаматтарды қабылдады

0
92

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қала тұрғындарын қабылдап, өтініштері мен тілектерін тыңдады. Еңбек ардагері Набира Жүзбаева қалада атқарылып жатқан идеологиялық жұмыстарға алғыс айта келіп, білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Қала тұрғыны Шыныкүл Асқарова қызын ҰБТ тапсырудың екінші кезеңіне жіберуді сұранады.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың бірі баласының еміне қатысты көмек сұраса, тағы бір топ ата-ана орыс сыныптарының тапшылығын айтты.

Тұрғындардың мұқият тыңдаған Шыңғыс Жұмабекұлы қабылдауға келген денсаулық сақтау және білім беру басқармаларының өкілдеріне тиісті тапсырма беріп, мәселені бақылауға алатынын айтты.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан әр аптаның жұмасы күні азаматтарды жеке қабылдайды. Бұл қабылдауға 8 (7252) 24-71-61 телефоны арқылы және қала әкімдігіне келіп, өтініш қалдырып, алдын ала жазылуға болады.